RU

Ирандық депутат коронавирустан көз жұмды

Иран парламентінің жаңа шақырылымына кіруі керек болған депутат Фатима Рахбар коронавирустан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Iranian Red Crescent Society
Көрнекі фото: Iranian Red Crescent Society: Depositphotos

Басылымның жергелікті агенттікке сілтеме жасап жазуынша, Рахбар 21 ақпанда өткен сайлау қортындысы бойынша парламенттің 11 шақырылымына Тегеран өкілі ретінде қабылданған.

Әйел адамның депутаттық тәжірибесі бар. Бұған дейін ол парламенттің жетінші, сегізінші және тоғызынша шақырылымының құрамында болған.

Айта кетейік, бұған дейін Иранда көптеген лауазымды тұлғалардың COVID-19 вирус жұқтырғаны хабарланған. Олардың арасында Иранның әйелдер және отбасы мәселесі бойынша вице-президенті Масума Ибтикар, Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Иреч Хирчи, жедел жәрдем басшысы Пирхосейн Куливанд және парламенттің 23 депутаты бар.

26 ақпанда Иранның Ватикан мен Мысырдағы бұрынғы елшісі Хади Хосроушахидің 2 наурызда 79 жастағы саясаткер Мохаммад Мирмихаммадтың коронавирустан көз жұмғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда Иранда коронавирусты жұқтырғандар саны 4747-ге жетіп отыр. Олардың 124-і аталмыш инфекциядан қайтыс болған.

Дертті жұқтырғандар елдің барлық провинциясынан анықталған. Ал вирусты жұқтырудың ең көп жағдайы ел астанасы Тегеранда тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1844400-irnadyk-deputat-koronavirustan-kz-zmdy.html