Выйти
RU

Еліміздің бұрынғы бас имамы жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Серікбай қажы Ораз Алматыдағы hеспубликалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ muftyat.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Институт ұжымына Бас мүфти бұйрығын ҚМДБ Діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет оқып берген.

"Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалсын", – делінген Бас мүфти бұйрығында.

Айта кетсек, Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 2017-2020 жылдары төрағалық етті.

Осы жылдың 7 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, құрылтайда Серікбай қажы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынған болатын.

Құрылтайға жиналған 300 делегат бірауыздан дауыс беріп, Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфтиі болып сайланған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің бұрынғы бас имамы жаңа қызметке тағайындалды