RU

Болгарияда екі адам коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Болгарияда алғаш рет коронавирус тіркелді. Елдің екі азаматы қатерлі дертті жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Болгария телеграф агенттігінің мәліметінше, аталған ақпаратты министрлер кеңесінің брифингінде ел үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына қарсы күрес ұлттық жедел штабының басшысы Венцислав Матафчийски растаған.

Бұдан бөлек, коронавирус алғаш рет Молдавияда тіркеліп отыр. Қатерлі дерт сенбі күні Италиядан ұшып келген 48 жастағы әйелден анықталған.

Соңғы деректерге сәйкес, бір тәулікте Қытайда коронавирустан 28 адам көз жұмған. Осылайша елде қатерлі дерттен қайтыс болған жалпы адам саны 3070-ке жеткен.

Жалпы Қытайда коронавирус 80 651 адамнан анықталса, оның 55 404-і сауғып шығып ауруханадан үйлеріне оралған.

Айта кетейік, бұған дейін жалпы алғанда әлем бойынша 100 мыңнан астам жанның коронавирус жұқтырғанын, ал осы дерттің салдарынан 3,4 мың адамның қайтыс болғанын жазғанбыз.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Ресей Федерациясында коронавирустың алты жаңа дерегі тіркелген. Вирус жұқтырғандардың барлығы Италиядан келген екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Болгарияда екі адам коронавирус жұқтырды
Mailfire view pixel