RU

Қытайда карантин жүргізілген қонақ үй опырылды: 50 адам құтқарылды (фото)

Қытайда алты қабатты қонақ үй опырылып құлады. Онда коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған адамдар карантиннен өтіп жатқан. Қазіргі уақытта қирандылар астынан 50 шақты адам шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: EPA
Фото: EPA: UGC

Сенбі күні Цюаньчжоу қалалық округінің Личэн ауданындағы Xinjia Express қонақ үйі опырылып құлады. Кейбір деректерге қарағанда, жалпы 70 адам қирандылар астында қалып қойған.

Жергілікті "Синьцзинбао" басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта 50 шақты адам қирандылар астынан шығарылған, екеуі қаза болды.

Фото: EPA
Фото: EPA: UGC

Кейіннен белгілі болғандай, қонақ үй коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған адамдарды оқшаулау мақсатында пайдаланылған. Алайда, елдегі бірде-бір ведомство бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Ғимараттың құлауына не себеп болғаны да әзірге белгісіз. Мамандар төтенше жағдайдың мән-жайын анықтайтын болады.

Фото: EPA
Фото: EPA: UGC

Соңғы деректерге сәйкес, бір тәулікте Қытайда коронавирустан 28 адам көз жұмған. Осылайша елде қатерлі дерттен қайтыс болған жалпы адам саны 3070-ке жеткен.

Жалпы Қытайда коронавирус 80 651 адамнан анықталса, оның 55 404-і сауғып шығып ауруханадан үйлеріне оралған.

Айта кетейік, Қазақстан коронавирус бойынша ең қауіпті елдердің жаңартылған тізімін жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844436-kytajda-karantin-zrgizilgen-konak-j-opyryldy-50-adam-ktkaryldy-foto.html