RU

Қазақстандық депутаттар 8 наурызға сүйіктілеріне не сыйлайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің депутаттары Халықаралық әйелдер күні мерекесінде сүйікті жарларына қандай сыйлық тарту ететінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

ҚР парламент санатының баспасөз қызметі

ҚР парламент санатының баспасөз қызметі

Халық қалаулыларының басым көпшілігі мерекеге орай сүйіктілеріне гүл шоқтарын сыйлауды жөн көреді екен.

"Ең үлкен сыйлық, ол әрине, гүл. Екіншісі, өзіміздің жүрегімізді сыйлау, жақсы көңіл-күйімізді сыйлау. Менің жарым кезінде менімен бірге оқыған сыныптасым, өмір бойы қасымда келе жатқан кісі. Оған енді тек 8 наурызда ғана емес, күн сайын жақсылық сыйлап келе жатырмын деп ойлаймын. Көңіл-күйім жақсы болған кездің бәрінде гүл сыйлаймын", – деді сенат депутаты Бектас Бекназаров.

Оның әріптесі Мұрат Бақтиярұлы да жылдағы әдетпен жарына гүл тарту етпекші.

"Одан кейін жақсы көретін торты бар, соны алып беремін. Қыздарыма көп жағдайда торт немесе кәмпит беремін. Жалпы, өздерінің қалағанын сатып алуға тырысамын", – деді ол.

Ал мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан 8 наурызға алатын сыйлығын дүйім жұртқа жария еткісі келмейтінін жеткізді.

"Ол енді менің ішкі сырым, айтпаймын, айтуға ұяламын. Өзіне қажет нәрсесін сыйлаймын", – деді ол.

Дегенмен, халық қалаулысы үш әйеліне әртүрлі сыйлық тарту етпекші.

"Әртүрлі болады, не қалайтынына байланысты", – деп қысқа қайырды Тілеухан.

Ал ауған соғысының ардагері, мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл сыйлық бергенді аса ұната қоймайтын көрінеді.

"Жалпы, мен оған машықтанбаймын. Ер азаматтың өзі әйелдің көңілінен шығып тұрса, үлкен сыйлық сол ғой. Бұл мерекенің мәні тек сыйлық беруде ғана емес, әйелді сыйлай білуде деп ойлаймын. Әйел затына деген құрметіміз сейілмеуге тиісті", – деді ол.

Ал оның әріптесі Нұржан Әлтаев жақындарын гүл шоқтарымен қуантпақ.

"Әйелдердің жақсы көретіні, ең алдымен, гүл шоқтары ғой. Одан кейін үйде пайдаланылатын сыйлық. Не қалайтынын алдын ала біліп алуға тырысамын, бірақ, әр әйел тосынсыйды жақсы көреді ғой. Жоспарланған сыйлықты онша қаламайтын сияқты", – дейді мәжілісмен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда 10 жастағы мектеп оқушысының қалалық коммуналдық қызметте жұмыс істейтін нәзік жандыларды құттықтап, гүл шоқтарын сыйлағанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық депутаттар 8 наурызға сүйіктілеріне не сыйлайды
Mailfire view pixel