RU

Үш қазақстандық боксшы 2020 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде үш бірдей боксшымыз сәтті өнер көрсетіп, 2020 жылғы дүбірлі додаға жолдама жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Абылайхан Жүсіпов, Бекзат Нұрдәулетов, Василий Левит. Фото: Olympic.kz
Абылайхан Жүсіпов, Бекзат Нұрдәулетов, Василий Левит. Фото: Olympic.kz: Facebook

Атап айтқанда, 69 келіде жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов ширек финалда таиландтық Вуттичай Массукпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов ширек финалда тәжікстандық Шаббос Нигматоллаевтен басым түсті.

Ал үшінші жолдаманы 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит иеленді. Жарысты ширек финалдан бастаған ол Тәжікстан командасының өкілі Давлат Болтаевқа қарсы шығып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, үш бірдей боксшымыз 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін DAZN стриминг қызметі Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетінін мәлім етті.

DAZN компаниясының атқарушы төрағасы Джон Скипер орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылаған. Екі тараптың әңгімесі барысында мексикалық пен Головкиннің арасындағы үшінші кездесудің қашан болатыны туралы мәселе көтерілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844472-s-kazakstandyk-bokssy-2020-zylgy-olimpiadaga-zoldama-zeip-aldy.html