Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асып жығылды

Опубликовано:

Әлемде өлімге апаратын қауіпті коронавирус жұқтырғандар саны шамамен 105 мыңды құрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, шамамен 3600 адам қайтыс болған. Олардың басым бөлігі желтоқсан айында вирус пайда болған Қытайда тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асып жығылды
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Алайда, Қытайда жексенбі күні қаңтар айынан бастап есептегенде тәулігіне індет жұқтырушылар саны бойынша ең аз дерек тіркелген - бұл вирустың таралуы бәсеңдегенінің белгісі болуы мүмкін.

Сенбіде короновирус 40 адамға жұққаны белгілі болды, бұл жұмадағы жағдайға қарағанда екі есе төмен. Сондай-ақ 27 адам көз жұмған - бұл Уханьмен шектелген бір айдағы ең төменгі көрсеткіш.

Қауіпті індет таралу бойынша жексенбі күнгі жағдайлардың саны 7 375-тен асып, 25% артқан Италияда елдің солтүстік аймақтарында 16 миллион адамды қамтитын карантин жарияланды. Бұл мемлекетте жексенбі күні кешке 366 адам қайтыс болды.

Оқшаулау шаралары енгізілгені туралы Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте мәлім етті. Карантин аймағы Ломбардия әкімшілік облысын толығымен, сондай-ақ елдің басқа облыстарындағы 14 провинцияны қамтиды. Осылайша, бұл аймаққа әйгілі Милан мен Венеция қалалары да кірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844479-lemde-koronavirus-zktyrgandar-sany-100-mynan-asyp-zygyldy/

pixel