Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызыл армия жауынгері" кейпіндегі Тасмағамбетов желіде талқыға түсті

Опубликовано:

Ғажайып даусымен күллі әлемді бағындыруға қадам жасаған Димаш Құдайбергеннің желідегі жаңа жазбасы қызу талқыға түсті. Жас әншінің Ресейдегі Қазақстанның бұрынғы елшісі, белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетов және ресейлік танымал композитор Игорь Крутоймен түскен суреті көптің назарын аударды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қызыл армия жауынгері" кейпіндегі Тасмағамбетов желіде талқыға түсті
Фото: instagram: Instagram

Димаштың суретіне берілген анықтамаға сүйенсек, сурет 8 наурыз күні Ресей астанасында түсірілген.

Фотода Иманғали Тасмағамбетов Қызыл армияның жауынгері Федор Суховқа ұқсап қалған.

  • Бұл кейіпкер - көпшіліктің сүйікті кеңестік фильміне айналған "Белое солнце пустыни" туындысының басты қаһарманы. Режиссер Владимир Мотылдың аталмыш фильмі 1970 жылы жарыққа шыққан.

Димаш пен Крутойдың ортасында тұрған Тасмағамбетовтың кәдімгі әртістерше гримделгені, арнайы әскери киім кигені көрінеді.

Онымен қоса, саясаткердің қолына аталған кинокартинада жолдас Сухов пайдаланған шәйнекті ұстап тұрғаны да көрініс тапты.

Димаш Құдайберген жария еткен бұл сурет желіде қызу пікірталас тудырып, қазақстандықтар Иманғали Тасмағамбетовтың не себепті мұндай образда тұрғанын білмей дал болды.

Алайда әншінің әкесі Қанат Айтбаев желіде KAZ.NUR.KZ журналисіне жауап берді. Оның сөзінше, бұл көрініс достарға арналған әзіл-роликтің түсірілімі кезінде болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844488-kyzyl-armia-zauyngeri-kejpindegi-tasmagambetov-zelide-talkyga-tsti/

pixel