Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барреліне 33,94 доллар: Әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеп жатыр

Опубликовано:

2020 жылғы мамыр айындағы жеткізілімдер бойынша Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 33,4 пайызға құлдырап, барреліне 33,94 долларға дейін күрт төмендеп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

рррррр
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Соңғы рет мұнай бағасы 2016 жылғы ақпанда баррелі 34 доллардан төмен болған еді.

Сәуір айында фьючерстер бойынша WTI маркілі мұнай бағасы 27,1 пайызға азайып, баррелі 32,48 долларды құраған.

Бүгін, 2020 жылғы 9 наурызда Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда 30%-дан астам төмендеп, барреліне $31-33 көлемінде саудалануда.

Мұнай ОПЕК+ елдерінің Венадағы келіссөздер қорытындысында коронавирус салдарынан сұраныстың төмендеуіне байланысты мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісе алмағандығы белгілі болғаннан кейін күрт төмендеп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлем бойынша қауіпті коронавирус жұқтырғандар саны шамамен 105 мыңды құрағаны туралы хабарлаған едік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, шамамен 3600 адам қайтыс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1844498-barreline-3394-dollar-lemdik-mnaj-bagasy-krt-tmendep-zatyr/

pixel