Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің тапсырмасымен шұғыл әрекет ету штабы құрылды

Опубликовано:

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің және Мемлекет басшысына тікелей бағынышты органдардың жетекшілерімен кеңес өткізді. Онда әлемдегі қаржылық-экономикалық ахуал және оның Қазақстан экономикасына әсері жөнінде мәселелер талқыланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ааааа
Фото: Ақорда: UGC

Президент Үкіметке, Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Басты тапсырма – мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындау.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, премьер-министрдің тікелей басшылығымен Шұғыл әрекет ету штабы құрылды.

Дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары әзірленеді, ірі кәсіпорындарда халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөнінде арнайы жоспар дайындалады. Президент халықты мүмкіндігінше көбірек жұмыспен қамту мәселесін аса маңызды деп санайды.

Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізеді.  

Мемлекет басшысы бюджет шығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздің қаржы-валюталық нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті   бюджеттерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткені туралы хабарладық.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1844502-prezidentti-tapsyrmasymen-sgyl-reket-etu-staby-kryldy/

pixel