RU

Тоқаев әлемдегі экономикалық ахуалдың төмендеуі туралы сөз қозғады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстан президенті Үкімет пен Ұлттық Банктің қатысуымен жедел кеңес өткізіп, әлемдегі экономикалық ахуалдың нашарлауы туралы сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

рррррр

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

"Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарын әзірлеу үшін Премьер-Министр басқаратын Шұғыл әрекет ету штабын құруды тапсырдым.
Мемлекет өзінің барлық міндеттемелерін толық орындайды. Қосымша жұмыс орындары ашылады", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы бюджет шығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздің қаржы-валюталық нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті  бюджеттерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев әлемдегі экономикалық ахуалдың төмендеуі туралы сөз қозғады
Mailfire view pixel