RU

Қазақстандық айырбастау нүктелерінде доллар сатылымы тоқтады

Кейбір қазақстандық айырбастау пункттері доллар сатуды тоқтатты. Бірақ, солардың ішіндегі кейбіреулері американдық валютаны өздері қабылдауды жалғастыруда, бірақ азаматтардың сатып алуға мүмкіндігі жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық айырбастау нүктелері АҚШ долларын сатуды тоқтатты
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Осылайша, Kurs.kz порталының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның үш ірі қаласында: Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент және басқа да қалаларда АҚШ долларымен сауда жасауын тоқтатты.

Валюта айырбастау пункттерінің бір бөлігі ғана долларды сатып алу және сатуды тоқтатса, енді бір бөлігіжалпы валюта сатуды мүлде тоқтатқан: сайтта олардың рубль және еуро бағамы бойынша мәліметтері жоқ.

Айта кету керек, таңертеңгі көрсеткішпен салыстырғанда, курс азайған, кейбір айырбастау орындарында ол 420 теңгеге жеткен.

  • Тап қазір америкалық валютаның бағасы 392 теңгеден 394 теңгеге дейін құрайды.

Айта кетерлігі, қазақстандық экономист қазақстандықтарды мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі салдарынан болған доллардың көтерілуіне байланысты дүрбелең тудырмауға шақырған.

Ол қазір айырбастау нүктелеріне барып, доллар сатып алудың қажеті жоқ екенін айтып, сейсенбіге дейін биржада ресми сауда-саттық болғанын күтуге кеңес береді, содан кейін қаржы нарығындағы жағдай айқын болады деп күтілуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844509-kazakstandyk-ajyrbastau-nkteleri-aks-dollaryn-satudy-toktatty.html