RU

Қырғызстанда коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бішкек қаласындағы Имам Сарахси мешітінің мүфтилері әлемді жаулауға көшкен қауіпті індеттің таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасы хабарлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қырғызстанда коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды

Фото: facebook.com/Muftiyat

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, мүфти көптеген аурудан тазару үшін де осындай ғұрыпты өткізуге шешім қабылданғанын айтыпты. Ол дұға оқып, халыққа денсаулық пен бірлік, ал мемлекетке бейбітшілік тілеген.

Сондай-ақ, мешітте құрбандыққа шалынған екі сиырдың еті кедейлерге таратылып, арнайы құран бағышталған.

Аталмыш рәсімге мүфт мен ақсақалдар және жергілікті тұрғындар қатысыпты. Діни басқарма мұндай ғұрып елдің басқа да өңірлерінде жасалатынын алға тартты.

Бұл уақытта Душанбеде 4 наурыздан бастап көпшілік намаз оқитын орындар карантинге жабылды. Мұндай шешімге әлемде таралып жатқан коронавирус эпидемиясы себеп болған.

Ал осы жылдың 27 ақпанынан бастап Мекке мен Мәдина қалаларына қажылыққа бару уақытша тоқтады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлем бойынша қауіпті коронавирус жұқтырғандар саны шамамен 105 мыңды құрағаны туралы хабарлаған едік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, шамамен 3600 адам қайтыс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстанда коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды
Mailfire view pixel