Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тежегішті басып үлгермеген: Көкшетауда 37 жылқыны пойыз басып кетті

Опубликовано:

Көкшетау станциясының темір жол бойында жүк пойызының машинисті 37 жылқыны басып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тежегішті басып үлгермеген: Көкшетауда 37 жылқыны пойыз басып кетті
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

7 наурыз күні таңғы сағат 5 шамасында Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөліміне жылқылардың пойыз астында қалғаны туралы хабар түскен.

«Қарағай–Уголки» жол аралығында жүк пойызының машинисі тежегішті барынша қолдануға тырысып көргенімен, өз жылдамдығымен келе жатқан пойыз уақытында тоқтай алмаса керек.

Кейіннен көлік полицейлері жылқылардың иесін тапты. Ол – Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны екен.

Азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 559-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, яғни, темiржолға арнайы бөлінген жолақта мал жаю қағидаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі түнгі уақытта тежегішті басып үлгермей, 11 бас жылқыны қағып кеткені туралы хабарлаған едік.

Оқиға «Аршалы-Анар» өткелінің маңында болған. Одан соң желіде жантүршігерлік видео пайда болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844546-tezegisti-basyp-lgermegen-kksetauda-37-zylkyny-pojyz-basyp-ketti/

pixel