Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жоғалған 7 жастағы қыз бала жертөледен табылды

Опубликовано:

Алматы облысы Талғар ауданында іс-түзсіз жоғалып кеткен қыз бала жертөледен табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы inAlmaty.kz-ке сілмете жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 наурыз сағат 20:34-те Талдыбұлақ ауылының тұрғынынан 2012 жылғы қыз баланың жоғалып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кіріскен.

"Үйді-үйді аралау кезінде аталмыш ауылдағы шаруашылық қора-жайлардың бірінің жертөлесінен жоғалған бала табылды. Оқиға орнынан күдікке ілінген 1990 жылғы Н. есімді азамат ұсталды. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 120 бабының 4 тармағы ("Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлау" ) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп атап өтті Полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында бес ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыздың аман-есен табылғанын хабарлаған едік.

Полицейлер жасөспірімді Шымкенттен тауып, ата-анасына тапсырған. Бүгінде оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844571-almaty-oblysynda-zogalgan-7-zastagy-kyz-bala-zertleden-tabyldy/

pixel