RU

Израиль шетелден келетін адамдар үшін міндетті карантин енгізді

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху шетелден Израиль аумағына келген кез келген адамның екі күнге міндетті карантинге жатқызылатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Израиль елге келген адамдар үшін міндетті карантин енгізді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Елдің премьер-министрі қоғамның денсаулығын сақтау үшін осындай шешім қабылданғанын сөз етті. Ал шенеуніктің айтуынша, ол бәрінен де маңызды.

Хабарланғандай, соңғы екі аптада мемлекетке келгендер қоғамнан оқшауланбайды. Тек коронавирус белгілері байқалған және денсаулығы нашарлаған адамдар ғана карантинге жатқызылады деп жазады жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған "Коммерсант" басылымы.

Қазіргі таңда Израильде коронавирус 41 адамнан анықталып отыр. Елдің денсаулық сақтау министрлігі міндетті карантин енгізілмеген жағдайда жағдай ушығып кетуі мүмкін екенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басы директоры Тедрос Аданом Гебрейсус Қытайда тараған коронавирустың таралуынан әлемде пандемия дерті артқанын мәлімдеді.

Айта кету керек, бұған дейін Ухань қаласындағы университеттің ғалымдары аталған дерттен емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін деген тұжырым жасаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844575-izrail-setelden-keletin-adamdar-sin-mindetti-karantin-engizdi.html