RU

Жылдам әзірленетін кеспеден торт жасайтын кондитерлер әлемді таңғалдыруда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Индонезиялық кондитерлер жылдам әзірленетін кеспеден торттар мен түрлі тәттілер әзірлеп, әлем жұртшылығының назарын аударуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жылдам әзірленетін кеспеден торт жасаған кондитерлер жұртты таңғалдырды

Фото: instagram.com/tot.aw

Өзіндік ерекшелігі бар кондитерлік жылдам әзірленетін кеспеден бірнеше қабатты торт жасайды. Оған көбінесе тойын қызықты етіп өткізгісі келетін қалыңдық пен күйеу жігіт тапсырыс береді екен.

Торттың бір қабатын әзірлеу үшін кеспенің 14-17 данасы қолданылады. Есеп бойынша, онымен 8-10 адамды тамақтандыруға болады.

Кондитерлерге балалық шақтарын еске алып жатқан кезде осындай ерекше торттарды дайындау туралы идея келеді.

Аналары кезінде оларға таңғы және түскі асқа осындай кеспе әзірлеген екен. Бірнеше сағаттың ішінде ол суып, кішігірім тортқа ұқсап қалатын көрінеді. Алайда дәмі сол қалпы тіл үйіретіндей болған.

Қазіргі таңда кондитерлер балалық шағындағы кеспені қолданып, кішігірім кәсіп ашқан. Олар тез әзірленетін кеспені қатырып, ішіне түрлі қоспаралар салатын болған.

"Бізде бірнеше қоспаның түрі бар. Мәселен, ұсақталған тауық еті, тұзды теңіз құрты және фрикаделька. Тағы бір нұсқа - сиыр еті мен ерітілген ірімшік", - дейді идея авторы Эрвин.

Әзірге қоспаның түрі көп емес. Алайда аспазшылар олардың санын көбейтпек. Мәселен, жуырда аз мәзірінде карри тұздығымен бұқтырылған тауық еті және кокос сүтінде бұқтырылған сиыр еті пайда болмақ. Бұдан бөлек, кондитерлік ірімшік және шоколадты қопасы бар кеспе әзірленетін болады деп жазады Unilad.

Ерекше торттардың авторлары мұнымен тоқтап қалмай, кеспеден түрлі тоқаштар мен бәліштер де пісіреді.

Олар өз туындыларымен Instagram парақшасында бөлісіп отырады.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейін туған күнін дүкенде атап өткен сегіз жасар қыз бала жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жылдам әзірленетін кеспеден торт жасайтын кондитерлер әлемді таңғалдыруда
Mailfire view pixel