Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өтпей жатыр": Балжан Бидаш күйзелістен шыға алмай жүргенін жайып салды

Опубликовано:

"Кешью" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған Балжан Бидаш бүгінде үлкен күйзелісте жүргенін ашық айтты. Өнер иесі атышулы ұжымнан кетіп, барынша жеке әншілігін шыңдамақ болған. Алайда, атақты продюсерлерінің қарамағынан шығып, шығармашылығын толығымен өз қолына алған ару сәтсіздікке ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/b.i.d.a.s.h. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/b.i.d.a.s.h. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Балжан Бидаш "Кешью" құрамынан кетіп, жеке орындаушы ретінде бірқатар ән шығарып, оларға бейнебаян таспалап үлгерді. Эстрада жұлдызы шығармашылығын барынша дамытып жатқанымен, оның өлеңдері халыққа жетпей жатыр.

Ерен еңбегінің тыңдарман тарапынан бағаланбай жатқаны өнер иесін үлкен күйзеліске түсірген. Ол мұндай жағдай бұрын-соңды басынан өтіп көрмегенін мойындады.

"Кез келген шығармашылық адамында болады. Негізінде мен мұндай күйді бұрын-соңды кешем деп ойламадым. Бірақ, сондай күйзеліс болды. Әлі де бар. Себебі өте көп. Ол менің бойымдағ менің жағдайымда. Ашып айтқым келмейді. Бірақ, уақытша нәрсе ғой, кетеді. Әндерім өтпей жатыр деп қатты қынжылмаймын. Бірнеше жылдан кейін де бағы жанып жатқан әншілер бар ғой. Сондықтан біреуі болса, біреуі болмайды. Сабырлық" , - деді Балжан Бидаш.

Айта кетейік, Балжан Бидаш алдағы уақытта тұрмысқа шықпақ. Әнші бикештің сүйіктісі оған концерт кезінде үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844592-tpej-zatyr-balzan-bidas-kjzelisten-syga-almaj-zrgenin-zajyp-saldy/

pixel