Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған ән кешіне билет ұтып алыңыз

Опубликовано:

Биыл танымал отандық композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына - 90 жыл. Қазақ даласын әнмен тербеткен ұлы тұлғаның туған күні елімізде жыл сайын ерекше аталып өтуде. Осы жылы наурыз айында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында белгілі сазгердің құрметіне аса ауқымды концерттер өтпек. Оған бірқатар отандық және шетелдік жұлдыздар қатысып, әйгілі Шәмшінің әндерін шырқайтын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Наурызда Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай дүбірлі концерт өтпек
Наурызда Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай дүбірлі концерт өтпек: Instagram

Көпке танымал қазақ композиторының 90 жылдығына орайластырылған концеттер 14 наурыз күні Алматыда, 19 наурызда Нұр-Сұлтан қалаларында өтпек. Оңтүстік астанадағы ән кеші Республика сарайында ұйымдастырылса, елордалық концерт «Қазақстан» орталық концерт залында болады.

Композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов, Абай атындағы МАОБТ дирижері, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Juilliard school, Нью-Йорк, США) Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған атаулы «Шәмші әлемі» концерт-спекталі екі астананың музыка бағалаушыларына ұсынады.

Көрермендер Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының үздік солисттары және астанамыздың опералық вокалисттарымен 50-60 жылдардағы Алматының ретро атмосферасына куә болады. Арнайы концертке София Горделадзе (сопрано) мен Саян Исин (тенор) Тбилиси және Бішкек қалаларынан, Конго республикасынан Джамбо-Джамбо тобы келеді. Оған қоса Нұр-Сұлтанда эстраданың жарық жұлдызы және көрермен сүйіктісі Сәкен Майғазиев композитордың шығармашылығымен өз өнерін көрсетпек.

Аталмыш шоудың ерекшелігі:

  • эстрада-симфониялық «Астана» оркестрімен сүйемелденген жанды дауыстардағы әуендер;
  • Болат Аюханов басқаруымен ҚР Мемлекеттік классикалық билер ансамблінің орындауымен би номерлері;
  • спекталь режиссері Димаш Құдайбергеновтың шоуын және басқа да фестивальдарды қойған Андрей Еремин (Украина).

Сонымен қатар, KAZ.NUR.KZ редакциясы атақты сазгер Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай арнайы конкурс жариялайды. Оған қатысқан оқырмандар белгілі композитордың құрметіне арналған елордада өтетін ән кешіне билет ұтып ала алады.

Байқау шарттары мынадай:

1. KAZ.NUR.KZ сайтына тіркелу.

2. Осы материалдың астында ерекше комментарий қалдыру.

3. Байқау 16 наурыз күні сағат 14:00-де аяқталады.

Біз жазылған пікірлердің арасынан үздіктерді анықтайтын боламыз. Белсенділік танытыңыз. Жеңімпаздар билеттерін біздің редакциядан алып кете алады.

Ескерту! Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты ТЖ режимі енгізілгендіктен, аталмыш концерт кейінге шегерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844609-smsi-kaldaakovty-90-zyldygyna-arnalgan-n-kesine-bilet-typ-alyyz/

pixel