Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда итін серуендетуге кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Опубликовано:

Алматыда түнгі уақытта итін серуендетуге кеткен 16 жастағы жасөспірімнің денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

алматыда
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жасөпірімнің қайтыс болғаны туралы ақпар әлеуметтік желілерде пайда болған. Ғаламтор қолданушыларының дерегінше, 6 наурыз күні, таңертең Орбита 3 шағын ауданындағы мектеп маңынан жас жігіттің денесі асылған күйде табылған.

Туыстарының айтуынша, бозбала түнде итін алып, серуендеуге кеткен. Алайда үйге сол күйі оралмаған. Оның денесін мектеп күзетшісі таңғы 4-те тауып алыпты. Тек келесі күні ғана марқұмның достары оның итін тапқан.

Қайғылы жағдайға қатысты Алматы ПД баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомствоның айтуынша, аталмыш факт Қылмыстық кодекстің 105 бабымен (Өз-өзіне қол салуға итермелеу) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған.

"Адам өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айта кетейік, 2003 жылы туған азамат З-ның денесін қарау барысында зорлықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Еске сале кетсек, бұған дейін Алматы облысында жоғалып кеткен 7 жастағы қыз бала ауылдағы жертөлелердің бірінен табылғаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844619-almatyda-itin-seruendetuge-ketken-zasspirimni-denesi-tabyldy/

pixel