RU

Францияның мәдениет министрінен коронавирус табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Францияның мәдениет министрі Франк Ристерден коронавирус анықталды. Қазіргі уақытта шенеуніктің үйінде тиісті ем алып жатқаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Франк Ристер. Фото: Le Figaro

Франк Ристер. Фото: Le Figaro

Арнайы тексеріс барсында Франк Ристердің сынамасы оң нәтиже көрсеткен деп жазады РИА Новости шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Басылым дерегінше, шенеунік жағдайына шағымданбаған, алайда ол қазіргі уақытта үйінде тиісті ем алып жатыр.

Айта кету керек, өткен аптада Ристер депутаттармен жиналыс кезінде бірнеше мәрте кездескен. Ал осыған дейін халық қалаулылары арасынан бес адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.

Еске сала кетсек, Иранда 23 депутаттың коронавирус жұқтырғаны айтылған. Ал таяуда Иран парламентінің жаңа шақырылымына кіруі керек болған депутат Фатима Рахбардың коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болды.

Одан бөлек, елдің 26 ақпанда Иранның Ватикан мен Мысырдағы бұрынғы елшісі Хади Хосроушахидің 2 наурызда 79 жастағы саясаткер Мохаммад Мирмихаммадтың коронавирустан көз жұмғаны хабарланды.

Сондай-ақ, осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчиден, кейін 57 жастағы парламент депутаты Махмуд Садекиден де коронавирус табылғаны анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Францияның мәдениет министрінен коронавирус табылды
Mailfire view pixel