RU

Ақтөбе облысында екі бөлтіріктің кегін алмақ болған қасқыр қойларды қырып кеттіі

Ақтөбе облысында екі бөлтірігінің кегін қайтармақ болған ұрғашы қасқыр бес қойды жарып, тағы екі итті жарақаттаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

ақтөбе
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Басылымның ақпаратына сәйкес, оқиға 7 наурыз, сенбі күні Ақтөбе облысы Мартұқ ауданындағы Полтавка ауылында болған.

Батұрасай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Әмина Әжниязованың айтуынша, таңертең жергілікті тұрғын отарға барған кезде қасқырды көрген. Бастапқыда оны ит деп ойлапты.

"Жыртқыштың бес қойды жарып кеткені белгілі болды. Қасқыр жақын маңдағы үйлердің екі итіне де шабуыл жасап, оларды жарақаттаған. Болған жағдайды естіген жергілікті аңшылар снегоходпен жыртқышты іздеуге шыққан. Полтавка маңында оны қолға түсіріп, атып тастады. Ол ұрғашы қасқыр болып шықты", - деді Әмина Әжниязова.

Мәртөк ауданының бұрынғы әкімі Серік Ботағариннің айтуынша, ауылдағылардың бірі Полтавка маңында екі бөлтірікті атқан. Ұрғашы қасқыр кек алу үшін қойларға шабуылдаған болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында түз тағысы бір қожалықтың 200-ден астам қой мен ешкісін қырып кеткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844628-aktbe-oblysynda-eki-bltirikti-kegin-almak-bolgan-kaskyr-kojlardy-kyryp-kettii.html