RU

Қытайда қан тапсырып, науқас жандардың өмірін сақтап қалған қазақ жігітін білесіз бе

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бірнеше жыл бұрын Қытайға студент болып келген Руслан Төленов алты мың литр қан тапсырып, елдегі науқастардың өмірін аман сақтап қалған. Оның қан тобы аспан асты елінде сирек кездесетін "панда қаны" атауымен танымал қан топтарының бірі. Жас жігіт ақпан айында Хайнань провинциясында 400 миллилитр қан тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ СhinaDayli.com басылымына сілтеме жасап.

Алты мың литр қан тапсырды: Қытайда адамдардың өмірін аман сақтап қалған қазақ жігіті тәнті етті

Фото: global.chinadaily.com

Коронавирус пайда болған уақыттан бастап қан донорлығы күрт қысқарды, ал Төленовтің қан тобы өте сирек кездеседі, тіпті, іс жүзінде оны іздеп табу мүмкін емес.

28 жастағы Руслан 2009 жылы Қытайдағы Хайнань университетінің іскерлік әкімшілік факультетіне түсіп, сол сәттен бастап бүгінге дейін 6000 миллилитрден астам қан тапсырып үлгерген.

Бұл әдеттегі ересек адамның барлық қанынан артық.

ҚХР мемлекет басшысы Си Цзиньпин 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапарында Назарбаев университетінде сөз сөйлеу кезінде қытайлық науқастардың өмірін құтқаруға және екі елдің достығын жүзеге асыруға көмектескені үшін Руслан Төленовке ризашылығын білдірді.

"Басқаларға көмектесу мен үшін маңызды. Мен қан тобы сирек кездесетін адамдарға негізделген әлеуметтік топтармен байланыс орнатамын. Әрқашан керек болған жағдайда көмектесуге дайынмын", - дейді Руслан.

Ол 2009 жылы университетте ерікті түрде донор болған кезде өзінің қан тобының сирек кездесетінін білген.

Хайнань провинциясының қан орталығы қызметкері Чженг Рида қан тапсыратын донорлар санының Хайнаньда өсіп келе жатқанын айтты.

Көптеген адамдар, соның ішінде аралда тұратын шетелдіктер Төленов секілді қазіргі індет кезінде қан тапсыруға ұмтылуда.

"Қанша қан тапсырғаныма назар аудармаймын. Мен тек қанымның біреуге көмектесе алатанына қуаныштымын. Хайнань менің екінші үйім. Осы аралда көп нәрсені үйрендім", - деді Руслан.

Естеріңізге сала кетейік, Моңғолияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайда қан тапсырып, науқас жандардың өмірін сақтап қалған қазақ жігітін білесіз бе
Mailfire view pixel