Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күнім менің": Айқын Төлепберген әйелін туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Айқын Төлепберген сүйікті жары Жұлдыз Өмірғалиді туған күнімен ерекше құттықтады. "Кешью" тобының бұрынғы әншісі 25 жасқа толған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn/zhuldyzomirgali_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aikyn/zhuldyzomirgali_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айқын Төлепберген Instagram желісіндегі жеке парақшасында келіншегіне арнаған құттықтауын жариялаған. Өнер иесінің аса әсерлі жазбасы көптің көңілінен шығып, елді сүйсінткен.

"Айхай 25! Күнім менің! Туған күніңмен! Бақытты бол! Мен сені қатты жақсы көремін ғой. Сенімен қуанышта да, махаббат пен ашу-ызада да бірге боламын. Көңіліңе қаяу түсірген болсам кешір" , - деп жазған әнші.

Екі баласының анасын ерекше құттықтаған Айқынға барша желі қолданушылары да қосылған. Олар 25 жасқа толған Жұлдыз Өмірғалиге деген ақ тілектерін жарыса жаудырған.

"Бақытты болыңдар" , "Құтты болсын. Бір-біріңе үнемі қолдау болып жүре беріңдер" , "Туған кунімен өмір жасы ұзақ, денсаулығы зор болсын" , "Бақытты болыңыздар. Өте жарасымды жұпсыздар" , "Жұлдыз 25 жасында екі баланың анасы болды. Жарайсың, көпбалалы ана болуыңа тілектеспін" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын мен Жұлдыз Алматыдағы үш бөлмелі пәтерін көрсеткен. Олар екі баласымен бірге оңтүстік астананың қақ ортасында тұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844647-knim-meni-ajkyn-tlepbergen-jelin-tugan-knimen-erekse-kttyktady/

pixel