Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анаңа рахмет": Тәуекел Мүсілім келіншегін туған күнімен қалай құттықтады

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім жарының 25 жасқа толуына орай, желіде оған ерекше жазба арнады. Талай қыздың арманы болған актер келіншегін құттықтап, ата-енесіне алғысын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mussilim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/mussilim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Тәуекел Мүсілім әйелі Махаббат Түктібаева жайлы жазбасымен Instagram желісінде бөліскен.

"Сендей жарды маған берген Аллаға мың алғыс. Ата-анаңа рахмет!) Туған күнің құтты болсын. Сен өміріме шуақ әкелдің" , - деп жазды актер.

Өнер иесінің келіншегіне арнаған тілегі көпшіліктің көңілінен шыққан. Желі қолданушылары өнер жұлдызының жазбасының астына өз құттықтауларын қалдырып жатты.

Алайда, әлеуметтік желідегі суреттер мен видеоларға қарап, ерлі-зайыптылар туған күнді дүркіретіп атап өткісі келмегенін аңғаруға болады. Олар актердің анасымен бірге тауға барып, отбасымен демалып қайтқан.

Туған күнде Махаббаттың қасынан оның құрбылары да көрінбеген. Олардың басым көпшілігі туған күн иесін Instagram парақшаларында құттықтаған.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім алғаш рет әйелі туралы тың мәліметтермен бөліскен еді. Ол Махаббатттың тырнақ жасаумен айналысатынын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844658-ata-anaa-rahmet-tuekel-msilim-kelinsegin-tugan-knimen-kalaj-kttyktady/

pixel