RU

Қазақстандықтардың зейнетақысы долларға айналуы мүмкін бе

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Баспасөз өкілдерімен сұхбат барысында Ұлттық экономика министріне қазақстандықтардың зейнетақыларын долларға аударып, оларды шетелдік валютада жинауға бола ма деген сұрақ қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

пенсия

Руслан Дәленов. Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Руслан Дәленовтың айтуынша, зейнеатқыны өзге валютаға ауыстыру - пікірталас туындататын мәселе.

Министрдің сөзінше, инфляция мемлекет тарапынан өтеледі. Ол әр адамға зейнетақы жинақтары бойынша барлық өтемақыны өз бетінше есептеуді ұсынып, қазақстандықтардың теңгедегі жинағы қорғауда екенін айтты.

Ал зейнетақыны шетелдік валютаға ауыстыру туралы сауалға Дәленов "бұл пікір таластыратын мәселе" деп жауап берген. Ол алдымен жалпы қазақстандық қоғамның пайдасын есептеу керек деп санайды.

Сондай-ақ, журналистер министрден "зейнетақы қорындағы ақшаңызға алаңдайсыз ба?" деп сұраған. Өз кезегінде Дәленов кез келген адамның алаңдайтынын айтып жауап берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Руслан Дәленов елімізде девальвация бола деген сауалға жауап берген еді. Шенеунік ұлттық валютаның құнсыздану процесі валюталық дәліз жұмыс істейтін елдерде ғана жүруі мүмкін деді. Оның айтуынша, Қазақстанда валюталық дәліз жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram анамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтардың зейнетақысы долларға айналуы мүмкін бе
Mailfire view pixel