RU

Қазақстанның қай облыстарына су басу қаупі төніп тұр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер минисрлігі Қазақстанның қай өңірлеріне су басу қаупі төніп тұрғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ведомство басшысының орынбасары Юрий Ильин елордаға жақын маңдағы Қосшы ауылын биыл тағы да су басуы мүмкін екенін жеткізді.

"Нұр-Сұлтан қаласына жақын жерде алдымен Нұра өзенімен Қарағанды облысынан су көп келеді деген болжам бар. Осы орайда Қосшы елдімекеніне қауіп төніп тұр", – деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Вице-министр былтыр Қосшыда болған жағдайды еске алды. Сол кезде аталған елді мекеннің халқы ауыз сусыз қалған еді. Себебі ұңғымаларды су басып, іші лайланып кеткен болатын.

"Қазіргі кезде су ұңғымаларының айналасында жерді үйіп жатыр. Бұдан бөлек, 20-сына қарай тағы үш жаңа ұңғыманы бұрғылап қояды. Соның арқасында ауыз су жағынан қиындық болмайды", – деп мәлімдеді Ильин.

Оның айтуына қарағанда, жалпы Ақмола облысында Нұра, Есіл, Қалқұтан мен Жабай өзендерінің бойында орналасқан 42 елді мекенді су басу қаупі бар. Бес облыста жағдай қиын болады деген болжам бар.

"Олар - Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысы. Осыған орай біз жергілікті атқарушы органдарымен бірге өзен арналарын қопсыту, мұзды жару және тағы басқа шараларды бастап кеттік. Солтүстік Қазақстан облысында қар қалың, мұз да көп. Сондықтан айдың аяғына қарай осы аймақта да алдын алу жұмыстары жүргізіледі", – деді министрдің орынбасары елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарында су тасқыны болмайды. Себебі, Сырдария өзенінде мұз кептелісі жоқ.

Министрлік қанша ауылға су кіретінін де есептеп шықты. Басында ондай ауылдардың саны 1040-тан астам болған. Алдын алу шараларының арқасында 487 елді мекен бұл тізімнен шығарылды. Қазіргі кезде 287 ауылда тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Онда да қауіп болмайды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың басында Семейде қаланың бірнеше аудандарын су басу қаупі туындаған болатын. Төтенше жағдайға Ертіс өзенінің арнасына мұздың жиналуы себеп болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның қай облыстарына су басу қаупі төніп тұр
Mailfire view pixel