RU

Қазақ аруларына арнап ән шығарған Төреғали мен "Алатау серілері" көпшілікті тәнті етті (видео)

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі мен "Алатау серілері" тобы сегізінші наурыз мерекесі күні барша әйелдер қауымына аса ерекше туындыларын ұсынды. Өнер иелері "Қазағымның қыздары-ай" атты әніне түсірілген бейнебаянын жарыққа шығарып, барша қазақ аруларын мерекемен құттықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Төреғали Төреәлі халықаралық әйелдер күніне орай барша әйел затына тосын сый жасады. Ол өнер жолын енді бастап келе жатқан "Алатау серілері" дәстүрлі тобымен бірге шырқайтын "Қазағымның қыздары-ай" әнін жарыққа шығарған. Сонымен қатар, жігіттер өлеңді ғана емес, оған түсірілген ортақ бейнебаянды да халыққа ұсынған.

Клипте аталмыш топ пен Төреғалидан басқа танымал қазақ арулары да бой көрсетті. Олардың бірі америкалық «Miss Asia USA» байқауында шешінуден бас тартқан ару Жадыра Жұмағұл да бар. Бойжеткен бейнебаянға түсу үшін арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келген.

"Ұлы дала баласы" мен "Алатау серілерінің" бірігіп шығарған туындысын тамашалап үлгерген көрермендер оң бағасын беруде. Көпшілік өнер иелерінің халықаралық әйелдер күнінде қазақ қыздарын әнмен құттықтағанына тәнті болған.

"Қазағымның қыздары-ай" әнінің клипі Youtube желісінде жарияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844675-kazak-arularyna-arnap-n-sygargan-tregali-kpsilikti-tnti-etti-video.html