RU

Италиядан келетін шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне тыйым салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас санитар дәрігері Еуропада коронавирустың кең таралуына қатысты алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты Жандарбек Бекшин Қазақстанға Италиядан келетін шетелдіктердің кіруіне тыйым салынғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

санитар

Көрнекі фото: pixabay.com

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Италиядан келгендерді кіргізуге 8 наурыздан бастап тыйым салынған. Бұл тек Италия азаматтарына ғана емес, сол елде болған барлық шетелдіктерге қатысты.

Санитар дәрігер Қазақстан мен Италия арасында тікелей рейс жоқ болғандықтан, азаматтар біздің елге үшінші бір мемлекет арқылы кіретінін атап өтті.

Сондай-ақ 6 наурыздан бастап Оңтүстік Корея азаматтарына да біздің мемлекетке кіруге тыйым салынды. Дегенмен бұл тыйым сол елдегі қазақстандықтарға қатысты емес.

Жалпы алғанда Қазақстан 1А санатына жататын елдерге әуе қатынасын тоқтатты. Бұл категорияға Қытай, Корея, Италия және Иран кіреді.

Бекшин қазақстандықтарға егер қажеттілік болмаса Еуропаға барудан бас тартуға шақырды. Сондай-ақ азаматтарға еуропалық елдерден келген шетелдіктерді, сондай-ақ жалдамалы жұмысшыларды қонаққа шақырмауға кеңес берілді.

Еске сала кетсек, Алматы әуежайы қазақстандықтарға 70 елге бармауға кеңес берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Италиядан келетін шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне тыйым салынды
Mailfire view pixel