RU

Салынып бітпеген LRT ақшасы халықтың зейнетақысына жұмсалуы ықтимал

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтандағы салынып бітпеген жерүсті метросы туралы мәселе көтерілді – қазіргі уақытта билік LRT жобасының жалғасатыны немесе жабылатыны жайлы шешім қабылдауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев: Facebook

Бұған дейін есеп комитеті LRT жобасының шығынды өтемейтініне байланысты оны жабу туралы ұсыныс білдірген болатын. Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов бұл ұсыныстың қазір үкіметте зерттеліп жатқанын атап өтті. Әзірге астаналық метро бойынша қорытынды шешім шыққан жоқ.

Сондай-ақ ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов аталған мәселе бойынша шешім қабылдауда әлемдік экономиканың ахуалы, атап айтқанда, мұнай бағасының ауытқуы ескерілетінін жеткізді.

Бұған дейін мемлекет басшысы бюджет шығындарын қысқарту және оңтайландыруды тапсырған болатын. Осыны атап өткен Дәленов кейбір инвестициялық жобалардың келесі жылға ауыстырылатынын мәлімдеді.

Қажет болса, жобалардан "үнемделген" қаражат әлеуметтік міндеттемелерге жұмсалады – мәселен, қазақстандықтардың зейнетақысы мен жәрдемақысына қосымша индекстеу керек болған жағдайда осындай шаралар жүргізіледі.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі елімізде азық-түлік пен электорника бағасының қалай өзгеретінін айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844686-salynyp-bitpegen-lrt-aksasy-halykty-zejnetakysyna-zmsaluy-yktimal.html