Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жадынама: МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылуға болады

Опубликовано:

2020 жылдың 31 наурызына дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі және медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық қызмет алуға құқылы. Бұл уақыт тұрғындардың жүйеге үйреніп, мәртебесін анықтап алуы үшін беріледі.

Жадынама: МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылуға болады?

1 сәуірден бастап МӘМС пакетіне тек сақтандырылғандар қолжеткізе алады. Егер сіз әлі күнге дейін медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болмасаңыз, уақыт жоғалтпай ол үшін не қажет екенін біліп жүруіңізді ұсынамыз.

Сіздің жеңілдігіңіз бар, бірақ деректер қорында табылмадыңыз. Не істеу керек?

Егер сіз жеңілдігі бар санатқа кіре тұра, бірақ қандай да бір себептермен Медициналық сақтандыру қорының деректер қорынан түсіп қалсаңыз, онда сізге Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ЗТЖМ (зейнеткерлер үшін) мамандарының көмегіне жүгінуіңіз қажет. Егер студент болсаңыз, білім алып жүрген оқу орнының әкімшілігіне баруыңыз керек. Университеттер мен колледждер ҚР Білім және ғылым министрлігіне тізім беруі тиіс. Сақтандыру қоры мәртебе тағайындаумен айналыспайды, ол тек өзге мемлекеттік органдардан алынған тізім бойынша жұмыс істейді. Қор тек сақтандырылған деген мәртебе береді.

Жадынама: МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылуға болады?

Жұмыссыздар қалайша МӘМС жүйесінің қатысушысы бола алады?

Жұмыс істемейтін адамдар ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелсе, Сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылады. Ол үшін Жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінуге болады. Барлық талаптар мен ережелерге сәйкес келген адам жұмыссыздар тізіміне қосылады. Кейін «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы тізімді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жібереді. Бұл жағдайда жұмыссыз адам жеңілдігі бар санатқа еніп, ол үшін жарнаны мемлекет төлейді.

Егер сіз ЖК ретінде тіркелмесеңіз, бірақ қызмет көрсетсеңіз қалай сақтандырылуға болады?

Егер сіз жалдамалы жұмыскерлер, фрилансер немесе жеке кәсіпкер қатарына жатпайсыз, бірақ басқа жеке тұлғаларға қызмет көрсетесіз делік. Мысалға, жеке тасымалдаумен айналысасыз немесе өз қосалқы шаруашылығыңыздан өнім сатасыз. Онда сіз өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар қатарына жатасыз, яғни Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлей аласыз. Осылайша, МӘМС жүйесінің қатысушысы атанып, сақтандыру пакеті аясындағы барлық қызметтерді толық көлемде ала аласыз.

БЖТ қашан және қайда төлеу керек?

БЖТ бірнеше жолмен алқылы төлеуге болады. Ол барлық емханаларда орналасқан Касса 24 и Qiwi терминалдары. Төлем жасағаннан кейін 5 минут ішінде сіз сақтандырылған болып есептелесіз. Сондай-ақ, БЖТ бойынша төлемді екінші деңгейлі банк пен «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде де төлеуге болады.

Толық реквизиттер fms.kz сайтынан көрсетілген. Сонымен қатар, Kaspi.kz қосымшасымен де операцияны жүзеге асыруға болады. Айта кетерлігі, БЖТ өткен айларға төлей алмайсыз, тек ағымдағы және алдағы уақытқа. Сондықтан аударымдар уақытында жүргізілуі тиіс.

Медциналық қызмет алмасаңыз, жүйедегі ақшаңызды қайтарып алуға бола ма?

Егер сіз белгілі бір кезең үшін жарналар мен аударымдарды төлесеңіз, бірақ сақтандыру пакетінен ешқандай медициналық қызмет алмаған болсаңыз, онда ақша қайтарылмайды. Медициналық сақтандыру жүйесі – бұл жинақтау жүйесі емес, ортақ дүние. Бүгін сіз медициналық көмекке мұқтаж басқа адамдар үшін төлейсіз, ал ертең сіз үшін олар төлейді.

Бұл ретте, қажет болған жағдайда, сіз медициналық сақтандыру қорына сіздің төлеміңіздің сомасына қарамастан, медициналық сақтандыру пакетіне кіретін медициналық қызметтің толық көлеміне қол жеткізе аласыз.

Төлем жасау уақыты өтіп кетсе, сақтандыру пакеті бойынша медициналық көмек ала аласыз ба?

Егер сіз жарна төлей бастасаңыз, бірақ содан кейін 3 айдан астам үзіліс болса, онда сіз сақтандырылған мәртебесінен айырылып қаласыз. Сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық қызметтерді алу үшін сізге алдыңғы төленбеген кезеңдер үшін төлем жасау керек. Мысалы, егер сіз сәуірде сақтандырыламын деп шешсеңіз, онда қаңтар, ақпан және наурыз айларында дербес төлеуші ретінде төлем жүргізу керек болады.

Үй шаруасындағы әйелдерге қалай сақтандырылуға болады?

Егер сіз үй шаруасындағы әйел болсаңыз , бірақ жұмыссыз ретінде тіркелмесеңіз және басқа жеке тұлғаларға ешқандай қызмет көрсетпесеңіз, онда сіз жарналарды дербес төлеуші ретінде төлейсіз. Бұл 1 АЕК 5% құрайды (2020 жылы 2125 теңге).

Егер сіз жалдамалы жұмыс істеп жүріп, одан бөлек ЖК болса не істеу керек?

Егер жалдамалы жұмыскер болсаңыз, сіз үшін жарналар мен аударымдарды жұмыс беруші жасайды. Бірақ оған қоса жеке кәсіпкерлігіңіз болса, онда жеке кәсіпкер ретінде тағы жарна төлейсіз. Өйткені сіз өзіңіздің кәсіпкерлігіңізден пайда көріп отырсыз. ЖК үшін жарналар бекітілген – 1,4 АЕК 5 пайыз (2020 жылы 2975 теңге). Егер ЖК деген мәртебеңіз бар, бірақ жұмыс істемейтін болса, онда салық органдарына барып ЖК қызметін тоқтатуыңыз керек. Ол жағдайда ЖК ретінде жарна төлемейсіз.

Шетелдіктер МӘМС жүйесінің қатысушысы бола ала ма?

МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесін еңбек немесе МПХ келісімшарты бойынша жұмыс істейтін ЕАЭО аясындағы елдердің еңбек мигранттары ғана ала алады. Олар үшін аударымдар мен жарналарады жұмыс беруші төлейді.

Туристер мен өзге елдерден келген қонақтар тегін жедел жәрдем көмегі мен ақылы медициналық қызметке жүгіне алады. Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер барлық қазақстандықтар сияқты МӘМС аясында қызмет ала алады.

Сақтандырылмағандар бірінші сәуірден бастап медициналық қызметті қалай алады?

Барлық сақтандырылмаған қазақстандықтар 1 сәуірден кейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді ала алады.

Жадынама: МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылуға болады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1844699-zadynama-mms-zjesinde-kalaj-saktandyryluga-bolady/

pixel