Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияда краннан судың орнына қызыл шарап ақты (видео)

Опубликовано:

Италиядағы ауылдардың бірінде крнаннан судың орнына қызыл шарап ақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

италия
Фото: instagram.com/nowthisnews: Facebook

Эмилия-Романья өңіріндегі Кастельветро-ди-Модена коммунасында тұрғындар су ағатын краннан қызыл шарап аққанына шағымданды.

Setticani шарап зауытының техникалық қателігі салдарынан су құбырына судың орнына баңтардың біріндегі қызыл шарап құйылған. Алкогольді сусын ауылдағы көршілес ғимараттарға су құбыры арқылы тараған.

Оқиға орнына мамандар келіп, техникалық қателіктерді жөндегенше, жергілікті тұрғындар бөтелкелерін шарапқа толтырып алыпты.

Коммуна халқы болған оқиғаға шағымдан. Ауыл бсшысы тұрғындардан кешірім сұрап, мәселені тез арада шешкен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үндістанда Керала штатындағы көпқабатты үйдің пәтерлерінде краннан судың орнына ішімдік аққаны хабарланды.

Адамдар жағымсыз иіс шыққан соң, күмәнді суды қолданбауғы тырысқан. Тұрғындардың шағымынан кейін жергілікті билік аталған жайтты зерттеуге кіріскен.

Нәтижесінде үйге су жіберетін ұңғыманың жанында бұған дейін тәркіленген 6 мың литр алкогольдің көмілгені анықталған. Ал алкогольды сусын тұщы сумен топырақ арқылы араласқан көрінеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844701-italiada-krannan-sudy-ornyna-kyzyl-sarap-akty-video/

pixel