RU

Франция, Германия, Испаниядан келгендер екі апта өз үйлерінде оқшауланады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемде коронавирустың жылдам тарап жатқаны соншалықты Қазақстан соңғы аптада "қолайсыз елдер" тізімін екі рет өзгертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Франция, Германия, Испаниядан келгендер екі апта үйлерінде оқшауланады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Енді 1А санатына Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия кіреді. Бұл елде болып, Қазақстанға келгендер міндетті түрде екі аптаға карантинге жатады.

Жаңартылған тізімге сәйкес, Франция, Германия, Испания 12 наурыздан бастап қауіптірек болып, 1Б санатына кірді.

Франция және Испания - Қазақстан арасында тікелей рейс жоқ. Алайда басқа мемлекет арқылы осы елдерден келгендер екі аптаға үйлерінде оқшауланады.

Германиядан оралған азаматтар да оқшауланатын болады. Қазақстан мен бұл ел арасында аптасына тікелей 18 рейс бар. Әуе қатынасын тоқтату туралы мәселе үкіметтің ведомствоаралық комиссиясында қаралмақ.

2 нөмірлі санатқа Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды енді. Аталмыш мемлекеттерден келгендер тұрғылықты не тұрған мекен-жайы бойынша медициналық бақылаудан өтулері тиіс.

"Қолайсыз елдердің" жалпы тізімінен Таиланд, Әзірбайжан, Сингапур, БАӘ, Малайзия, Бахрейн, Кувейт, Гонконг, Макао және Тайвань шығарылған.

Еске сала кетсек, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жақын күндері коронавирустың Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Франция, Германия, Испаниядан келгендер екі апта өз үйлерінде оқшауланады
Mailfire view pixel