Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Си Цзиньпин коронавирустың таралу ошағы – Уханьға ұшып барды

Опубликовано:

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин жергілікті биліктің қатерлі індетпен куресу жұмыстарын тексеру мақсатында коронавирус тараған Ухань қаласына ұшып барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Си Цзиньпин. Фото: Life.ru
Си Цзиньпин. Фото: Life.ru: Facebook

Қытай басшысы Уханьға бүгін таңертең барған. Хубэй провинциясында орналасқан бұл қала қатерлі дерттің таралу ошағы болып есептеледі деп жазды жергілікті телеарнаға сілтеме жасаған РИА Новости.

Си Цзиньпин Уханьға сапары барысында COVID-19 инфекциясымен күрес қалай жүріп жатқанын біліп, аурудың алдын алу шараларымен танысады. Оның ауруханада жұмыс жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген адамдармен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ Қытай басшысы жергілікті тұрғындармен және науқастармен кездесуге ниетті.

Басылымның мәліметінше, Ухань – соңғы 24 сағат ішінде ауруды жұқтырудың жаңа деректері тіркелген Қытай аумағындағы жалғыз жер. Елдің басқа аймақтарында тіркелген деректерге келсек, ондағы вирустың шеттен кіргені белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ухань қаласындағы университеттің ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасаған еді. Олар бұл дерттен емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін екенін алға тартты.

Ал еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың жаңа түрі жақын арада Қазақстанда да тіркелуі мүмкін екенін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844713-si-czinpin-koronavirusty-taralu-osagy-uhanga-syp-bardy/

pixel