Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санитарлық дәрігерлер ауру жұқтырмау үшін қағаз ақшаны пайдаланбауға кеңес берді

Опубликовано:

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерді картамен жүргізуге, ал қағаз ақшаны уақытша ұмытуға кеңес берді. Бұл вирустық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында қажет деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Дәрігер брифинг барысында өз басы басқа адамдармен байланысқа түспеу үшін картаны қолдануды жөн көретінін атап өтті. Тіпті, картасын сатушының қолына бермей, интернет арқылы төлем жүргізетінін жеткізді.

"Тұмау, ӨРВИ дерттері өршіген кезде қол алысудан және қағаз ақшаны пайдаланудан бас тарту керектігін үнемі айтамын. Дұрысы, пластикалық карталармен есеп айырысу.
Пластикалық картаны үнемі өзіңіз қолдансаңыз, қағаз ақша бір қолдан екінші қолға ауысып отырады. Олардың қай жерде, қандай жағдайда сақталғанынан хабарыңыз жоқ.
Ал карточкаңыз үнемі қасыңызда, тіпті, қазір көбісі смартфон арқылы төлем жасауға бейімделген. Аурудың алдын алу мақсатында осы әдісті пайдалануға басымдық беру қажет", – дейді Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, инфекцияның қағаз ақшада нақты қанша уақыт сақталатынын айту қиын. Бұған көптеген факторлар әсер етеді.

"Ұсталған жағдайына, қоршаған ортаның ылғалдығына, температурасына байланысты инфекциялар онда белгілі бір уақыт сақталып тұрады. Оған қоса, ақшалай қаражаттар дезинфекциялауға келмейді", – деп атап өтті Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың жақын арада Қазақстанда да тіркелуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ ол коронавирустың әлемде кеңінен таралуына байланысты денсаулық сақтау министрлігінің тәулік бойы жұмыс істеуге кіріскенін хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844726-sanitarlyk-drigerler-auru-zktyrmau-sin-kagaz-aksany-pajdalanbauga-kees-berdi/

pixel