Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Путинмен кездесу үшін Мәскеуге ұшып жетті (фото)

Опубликовано:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуге ұшып жетті. Бұл туралы Қазақстан Тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Фото: Twitter/Айдос Үкібай: UGC
«Елбасы Ресей Федерациясына келді. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі, сонымен қатар М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне барады», - деді Үкібай.
Елбасы Путинмен кездесу үшін Мәскеуге ұшып жетті (фото)
Фото: Twitter/Айдос Үкібай: UGC

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздер нәтижелері туралы пікір алмасқан.

Аталған келіссөздер барысында "Астана процесінің" маңызды рөлі туралы айтылған.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылаған.

Әңгіме соңында тараптар биылғы Қазақстан мен Ресей саяси байланыстарының жоғары белсенділігін атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1844728-elbasy-putinmen-kezdesu-sin-mskeuge-syp-zetti-foto/

pixel