Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баланың оқуға деген жалқаулығын қалай жоюға болады

Опубликовано:

Көбінесе бала ата-анасы мен мұғалімі берген тапсырмаларды тиянақты орындай бермейді. Кейде бос отырған ұл-қызыңыздың өзі бір істі бірнеше рет қайталағаннан кейін ғана жасауы мүмкін. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz басылымына сілтеме жасап баланың оқуға деген жалқаулығын қалай жоюға болатынын көрсетеді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Тәжірибесі бар ата-ана үшін бұл мәселені шешу ешқандай қиындық тудырмасы анық. Ал жас отбасылар үшін төмендегі кеңес артық етпес.

  • Баланың денсаулығына назар аударған жөн. Қатты шаршау ауыр сырқатқа алып келуі мүмкін.
  •  Балаңызға бірінші сыныптан бастап бос уақытын жоспарлауды үйретіңіз. Әуелі кестені бірге жасаңыз. Кейін ол соған дағдыланып, бәрін өзі атқара алатын болады. Есейе келе ешқандай жоспарлаусыз-ақ бос уақытын қалай пайдалануға болатынын көрсететін жауапкершілік сезімі артады.
  • "Төрттік" пен "үштік" үшін балаға ұрсудың қажеті жоқ. Бұл соншалықты нашар бағалар емес. Әйтпесе ата-аналары баланың бойында "үздік оқушы синдромын" қалыптастыруы мүмкін. Онда бала үнемі еңбегінің жоғары бағаланғанын күтіп, егер қалағанына қол жеткізе алмаса күйзеліске түсіп кетеді.
  • Балаңыздың күнін қалай өткізгені, қандай қызықты нәрсе білгені туралы қызығушылық танытыңыз. Егер балаңыздың күнделігін аптасына бір рет немесе одан да аз тексеретін болсаңыз, балаңыздың жақсы оқуға деген талпынысы да болмайды.
  • Оқушының пән бойынша қиындықтарына көмектесу. Бағаны түзеу үшін мұғаліммен сөйлесіп, қосымша тапсырмалар алуға баулу оң нәтижесін көрсетеді.
  • Үй жағдайында мұғаліммен жанжалдасуға алып келген жағдайды талқылау керек. Мәселені шешудің амалын тауып, мұғаліммен немесе сынып жетекшісімен сөйлесу қажет. Екі тарапты да ренжітпейтіндей мәмілеге келу керек.
  • Балаңыз қиналған сәтте еңсесін түсірмеу үшін оған үнемі қолдау көрсетіңіз. Ол мектептегі білімінің ата-анасы үшін де қызықты екенін білуі керек. Бұл тек бағаға ғана қатысты емес. Әке мен ана барлық қиын мәселені шеше алады, олардан қашан да кеңес сұрауға болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болатынын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844733-balany-okuga-degen-zalkaulygyn-kalaj-zouga-bolady/

pixel