Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11-16 наурыз күндері коронавирус Қазақстанға келе ме: Министр пікір білдірді

Опубликовано:

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамдарға пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Біртанов әлем бойынша коронавирус инфекциясы 115 елге таралғанын алға тартты.

Министрдің сөзінше, олардың арасында бізге көршілес мемлекеттер және тікелей әуе қатынастарын орнатқан елдер де бар.

"Бәріміз сыртқы әлемнен толық оқшауланудың мүмкін еместігін түсінеміз. Еліміздің аумағына инфекцияның енуі ықтимал екенін де жоққа шығармаймыз", - деді Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі үкімет коронавирус инфекциясын елге кіргізбеу мен таратпау үшін айрықша шаралар қабылдап жатқанын білдірді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда аурудың расталған бірде-бір жағдайы тіркелмеген.

"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М. Бекшиннің коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамы – біздің ғалымдардың статистикалық модельдеу арқылы жасаған болжамы ғана. Бастапқы деректер ретінде әлемнің түрлі елдерінде жолаушылар тасымалы мен коронавирус инфекциясының таралу көлемі алынды.
Түрлі сыртқы факторларды ескере отырып, деректердің үнемі өзгеріп отыратындығын атап өткен жөн. Мәселен, беделді Ланцет журналында коронавирустың Қытайдан әлемдік мегаполистерге таралуы туралы ұқсас болжам жасалды", - деді Біртанов.

Сонымен бірге, министр біздің ғалымдар ұсынған сценарийдің іске аспауы да мүмкін екенін ескертті.

"Тағы да мәлімдеймін, Қазақстанда бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекция расталған жоқ", - деді Елжан Біртанов.

Еске сала кетсек, еліміздің бас санитары болжам бойынша қатерлі аурудың 11-16 наурыз аралығында еліміздің аумағында тіркелуі мүмкін екенін атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844737-11-16-nauryz-knderi-koronavirus-kazakstanga-keledi-me-ministr-pikir-bildirdi/

pixel