Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде Назарбаев пен Путин кездесті (фото)

Опубликовано:

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Мәскеу қаласында кездесті деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Twitter/Айдос Үкібай
Фото: Twitter/Айдос Үкібай: Instagram

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтті. Кездесудің мән-жайы кейінірек Elbasy.kz сайтында жарияланады", - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздер нәтижелері туралы пікір алмасқан.

Бүгін, Қазақстанның Тұңғыш президенті Ресей президентімен кездесу үшін Мәскеу қаласына ұшып кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1844743-mskeude-nazarbaev-pen-putin-kezdesti-foto/

pixel