RU

Олимпиадаға іріктеу: Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шықпай қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалдық кезеңіне қазақстандық былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев қатысқан жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

боксш

Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: atameken.kz

Ол ширек финалда алған жарақатына байланысты кездесуге шығудан бас тартты.

Осылайша Қоңқабаев кезекті жарысқа шықпаса да, Олимпиадаға іріктеу турнирінің қола жүлдегері болды.

Ол ширек финалда қытайлық Маймаийти Аемайитиді айқын басымдылықпен ұтып, жартылай финал мен Олимпиада жолдамасын қанжығасына байлаған болатын.

Нәтижесінде, Ғалымбек Кенжебаев баптайтын боксшылар Олимпиада ойындарына 7 жолдама жеңіп алып, төртеуі финалға шықты. Сондай-ақ, қазақстандық тағы үш боксшы қола медальді қанағат тұтты.

Қола медальдарды ерлер арасынан Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Серік Теміржанов (57) және +91 келі салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алса, әйелдер боксынан 75 келі салмақта Надежда Рябец ұтып алды.

Ал ертең, яғни олимпиадалық іріктеу турнирінің соңғы күні төрт отандасымыз алтын медальға таласады: Зәкір Сафиуллин (63 келі), Василий Левит (91 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және 81 келі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сегіз салмақтың жетеуінде Токио олимпиадасының жолдамасын еншілегені туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Олимпиадаға іріктеу: Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шықпай қалды
Mailfire view pixel