RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус Қытайдан тыс елдерде тарауын жалғастыруда. Қазіргі уақытта қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 113 мың адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Justin Sullivan/Getty Images

Фото: Justin Sullivan/Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте қатерлі дертке 4 125 адам шалдығып, 203 адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

Ведомствоның соңғы ақпаратына сәйкес, әлемде вирус жұқтырудың 113 702 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде 80 924-і Қытайда анықталған деп жазады РИА Новости.

Мамандардың айтуынша, аспан асты елінде пневмонияның жаңа түрін жұқтырғандар саны азайып келеді. Ал басқа елдерде бұл көрсеткіш күн санап артуда.

Соңғы тәулікте ҚХР-дан тыс елдерде вирус жұқтырудың 4125 дерегі тіркелсе, аталған көрсеткіш Қытайда 20-ақ адамды құраған.

Жалпы Қытайда эпидемия басталғаннан бері аурудан 3140 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 17 қайғылы жағдай тіркелді. Басқа мемлекеттерде ауру 872 адамның өмірін алды.

Еске сала кетсек, еліміздің бас санитары болжам бойынша қатерлі аурудың 11-16 наурыз аралығында еліміздің аумағында тіркелуі мүмкін екенін атап өтті.

Көп ұзамай Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамдарға пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113 мыңнан асты
Mailfire view pixel