Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лесби бар: Әлемге әйгілі мультфильм Таяу Шығыс елдерінде көрсетілмейтін болды

Опубликовано:

Pixar студиясының "Алға" мультфильмі лесбийлік қарым-қатынасты көрсеткені үшін бірқатар араб елінде көрсетілмейтін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Jesse Grant/Getty Images for Disney
Фото: Jesse Grant/Getty Images for Disney: Twitter

Фильмде Спектер есімді полиция қызметкері өз құрбысымен ара-қатынаста екенін және олардың ортақ балалары бар екенін айтады.

Аталған картина Кувейт, Оман, Катар және Сауд Арабиясы елдерінде көрсетілмейтін болды. Ал Таяу Шығыстың басқа мемлекеттерінде, мысалы Бахрейн мен Ливанда, сондай-ақ Мысырда көрерменге жол тартып жүр.

Ал Ресейде "құрбы" сөзі "серіктес" сөзімен алмастырылған және Спектердің жынысы мүлде ескерілмейді.

Фильм тақырыбы- фантастикалық әлемде өмір сүретін екі ағайынды эльфтердің тағдыры. Олар анасынан марқұм әкесінің ерекше қабілеттері мен оны бір күнге тірілтетін хатты алып, саяхатқа аттанады.

Жұма күні экранға шыққан "Алға" фильмі Солтүстік Америкада 40 млн доллар пайда тауып, бестселлер атанып отыр.

Жалпы соңғы демалыстарда кинопрокат кірістері азайып кетті. Мамандардың айтуынша, бұл коронавирус эпидемиясына байланысты емес.

Алайда эпидемия Джеймс Бонд жайлы кезекті фильмнің кейінге қалдырылуына себепкер болып отыр. Әзірге басқа фильмдердің тұсаукесері жайлы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, коронавирус Қытайдан тыс елдерде тарауын жалғастыруда. Қазіргі уақытта қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 113 мың адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844760-lesbi-bar-lemge-jgili-multfilm-taau-sygys-elderinde-krsetilmejtin-boldy/

pixel