RU

"Аман алып қалатындарды таңдайды": Танымал блогер Италиядағы жағдайды баяндады

Италияда білім алып, қызмет етіп жүрген танымал блогер елде коронавирустың қалай тарап жатқанын айтып берді. Арудың сөзінше, ол вирус ең көп тараған қалалардың бірінде тұрғандықтан үйінен шыға алмай отыр екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кімді аман алып қалу керек екенін таңдайды": Танымал блогер Италиядағы жағдайды туралы айтты
Фото: Видеодан кадр: UGC

YouTube желісіндегі Сuterland атымен танымал блогер коронавирус ең көп тараған Ламбардия қаласында тұрады. Ол Италияда вирустың қалай пайда болғанын да баяндап берді.

"Қаңтар айында коронавирус туралы ақпарат тараған кезде Италия Қытайға ұшатын барлық рейстерді тоқтатқан алғашқы ел еді. Бұл туралы бір-екі апта сөз қозғалып, содан кейін тыныштық орнады.
Ал ақпан айында Италияда ауруды жұқтыру жағдайы тіркелді. Оны шетелден келген Италияның Кодоньо қаласының тұрғыны жұқтырды деген ақпарат пайда болды. Оны естіген сол елді-мекенннің тұрғындары бірден сырт жақа қашты. Солай вирус тарады", - деді ол.

Оның айтуынша, қалада виурстан қорғанатын құралдар мүлде қалмаған.

"Бізде маска, антисептик, ештеңе жоқ. Өз-өзімізді қорғай алмай қалдық. Супермаркеттерде тауар табу қиын болды. О баста отбасыммен жанталасып азық-түлік сатып алып жатқан адамдарды көргенде күлкіміз келді. Адамдар жай ғана дүрлігіп жатыр деп ойладық.
Алайда көп ұзамай аурудан адамдар көз жұма бастады. Дәрігерлер кімді аман алып қалу керек, кімді өлім аузында қалдыру керек екенін ойлай бастады. Себебі ауруханалар лық толы еді. Бәрін құтқаруға мүмкіндік жоқ", - деді блогер.

Блогер о баста Италия тұрғындары коронавиурстың уақытша ауру екенін айтып, жағдайға немқұрайлы қарағанын айтты.

"Италиялықтар ғаламтордағы ескертулерге құлақ аспай үлкен қателік жасады. Олар бұрынғы қалыппен өмір сүре берді.
О баста мемлекет қызыл, ақ секілді бөліктерге бөліне бастады. Мен қызыл бөліктемін. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі осы жерде", - деді ару.

Ол вирустың салдарынан тіпті өзге қалада тұратын сүйіктісімен кездесе алмай жүргенін сөз етті.

"Ойын-сауық орталықтарын жауып тастады. Мейрамханалар кешкі алтыға дейін жұмыс істейді. Бір қаладан екінші қалаға жол жүруге болмайды. Жігітім мен тұратын жерден 20 шақырым жерде тұрады. Екеуіміз шамамен 4 ақпан күніне дейін кездесе алмаймыз. Мен тек сол күні сыртқа шығамын", - деді блогер.
Қалаға тағы маскалар келеді дегенді естідім. Себебі маска табу мүмкін емес. Адамдар оларды көптеп сатып алып, бағасын өсіріп сатып жатыр. Біреудің денсаулығынан кәсіп жасап отыр", - деп ашынды ол.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың таралуы шамамен қай кезде аяқталатыны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844787-aman-alyp-kaltyndardy-tadajdy-tanymal-bloger-italiadagy-zagdajdy-baandady.html