RU

Коронавирус өршіген Ираннан Шымкентке қияр әкелген кәсіпкерге айыппұл салынды

Шымкентте коронавирус өршіген Ираннан залалданған қияр әкеліп сатпақ болған кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан кадр: "Астана" телеарнасы
Видеодан кадр: "Астана" телеарнасы: Instagram

Бірақ шекара асып келген қиярларда мәселе коронавирустан емес, гүлдің батыс трипсынан туындаған. Абырой болғанда, жәндіктері бар тауар сауда нүктелеріне жетпепті.

Қауіпті инфекция белең алған елден көкөніс әкелген кәсіпкерге 80 мың теңге айыппұл салынды. Ал үш жүк көлігі тексерілген соң 60 тонна қияр тәркіленіп, полигонда жойылды.

Сарапшылардың айтуынша, зиянды жәндіктер адам өміріне қауіп төндірмейді, бірақ ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал әкелуі мүмкін. Трипс жылыжайдың 70 пайызын жойып жіберуі ықтимал.

"Егер залалданған өнімнің көзін жоймаса, қауіпті жәндіктер тез тарап кетеді. Оның зияны көп. Ол біздің қалада жылыжай шаруашылықтарына, жеміс- көкөніс дақылдарына залал келтіруі мүмкін",- дейді Шымкент қалалық Агронөркәсіптік кешеніндегі МИК аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов.

Еске сала кетейік, ҚХР-дың денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің арнайы сараптамалық комиссияның басшысы Чжун Наньшань коронавирус індетінің шамамен қай кезде бәсеңдейтінін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844793-koronavirus-rsigen-irannan-symkentke-kiar-kelgen-ksipkerge-ajyppl-salyndy.html