Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың алғашқы белгілері қанша уақыттан кейін байқалады

Опубликовано:

Өлімге жетелейтін қауіпті қытайлық коронавирус 101 мемлекетке тарап, дертке шалдыққандар саны 114 мыңнан асты. СoViD-2019 атаулы вирус жаңа аймақтарға тарауын тоқтатар емес. Ресейде ауру жұқтырғандар саны 20-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, коронавирус эпидемиясының пандемияға ұласу қаупі бар.

Ғалымдар болса, әлем жауына айналған вирусты жан-жақты зерттеп жатыр.

Джон Хопкинс университетіндегі америкалық мамандар өткізген жаңа зерттеулерге сәйкес инкубациялық кезеңнің орташа ұзақтығы 5 күннен аса (5,1 күн) уақытты құрайды.

Ғалымдар ауру жұқтырған 181 жайтқа қатысты сараптама жасап, мынадай қорытынды шығарды деп жазады Annals of Internal Medicine.

Бұл кезеңде індетке шалдыққан адамда 3 белгі пайда болады: жөтел және/немесе тамақ ауыру, жоғары температура және тыныс алудың қиындауы.

Ауруға шалдыққандардың 97,5%-ында бұл вирус 11,5 күн өте байқалған. Ал 2,5%-ында алғашқы белгілер 2,2 күннен кейін байқала бастайды.

Алайда ауру белгілері вирусты жұқтырғандардың барлығында бірдей байқала қоймаған. Оған қарамастан осы кезеңде олар ауруды басқаға жұқтыруы мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844795-koronavirusty-algasky-belgileri-kansa-uakyttan-kejin-bajkalady/

pixel