RU

Қытайда коронавирус бәсеңдей бастады: тәулік ішінде 24 жаңа дерек тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайда соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 24 дерегі тіркелген. Ауруды жұқтырған 10 науқастың шетелден келгені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Xiong Qi/Xinhua/EPA

Фото: Xiong Qi/Xinhua/EPA

ҚХР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекттік комитетінің мәліметінше, жалпы соңғы тәулік ішінде Қытайда ауруды жұқтырудың 24 қана дерегі тіркелген. Оның 13-і – эпидемия ошағы Хубэй провинциясында, тағы біреуі Хэйлунцзян провинциясында анықталды.

Қалған ауруды жұқтырудың 10 оқиғасында вирустың шеттен кіргені белгілі болды. Оның алтауы – Бейжіңде, екеуі – Шанхайда, біреуі – Шаньдун провинциясында және тағы біреуі Ганьсу провинциясында тіркелген.

Соңғы тәулік ішінде аспан асты елінің 25 өңірінде қатерлі вирусты жұқтырудың бірде бір дерегі тіркелмегенін айта кету керек.

Бұған дейін Бейжің билігі мәлім еткендей, қаланың эпидемиологиялық қызметі COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 6 дерегін анықтаған. Ауруға шалдыққан науқастардың бесеуі – Италиядан, тағы біреуі АҚШ-тан келген.

Еске сала кетейік, 10 наурызда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин жергілікті биліктің қатерлі індетпен куресу жұмыстарын тексеру мақсатында коронавирус тараған Ухань қаласына ұшып барған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайда коронавирус бәсеңдей бастады: тәулік ішінде 24 жаңа дерек тіркелді
Mailfire view pixel