RU

35 жасында он тоғыздағы жігітке тұрмысқа шыққан әйел өзегін өртеген өкінішін айтты

Отыз бес жасқа келгенде өзінен әлдеқайда жас жігітке тұрмысқа шыққанын айтқан келіншек жан сырын ақтарды. Бүгінде елуге таяған әйел күйеуінің "жүріс" жасап, өзге қыздарға көз салатынын сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алаш айнасы басылымына сілтеме жасап.

"Сыртқа елеңдейтін болды": 35 жасында 19-дағы жігітке тұрмысқа шыққан әйел сырын ақтарды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ата-анасының батасын алып, 19 жастағы жігітке тұрмысқа шыққан келіншек о баста жас ерекшелігін сезбегенін, алайда көп ұзамай күйеуінің өзінен алыстай бастағанын айтты.

"Отыз бес жасымда он тоғыз жастағы жігітке тұрмысқа шықтым. Қызылжардың қызы болған соң ба, жас айырмашылығына басымды қатырмадым. Əке мен шешемді хабардар етіп, тұрмысқа шығып алдым.
Басында бəрі жақсы болды. Махаббат деп ыстық-суығымыз басылғанша үш жылдай бәрі тамаша еді. Жас айырмашылығын қатты сезінген жоқпыз", - деді келіншек.

Бірнеше жылдан кейін жасы келгенін түсінген келіншек күйеуінің сырт жаққа жиі шығып, жеңіл жүрісті қыздармен ойнас болғанын сөз етті.

"Үш жылдан соң менің денсаулығым сыр бере бастады. Өзінен үлкендігімді білдіргім келмеген бар əрекетімнен пайда болмады. Жас ерекшелік уақыт өтуімен өз дегенін алады екен.
Жолдасым бұрынғыдай емес, ықыласы суып, сыртқа көбірек елеңдейтін болды. Қанша байқамаған кісі болсам да, көзімше жеңіл жүрісті қыздарды жағалайтынды шығарды", - деп жазды ол.

Бүгінде елуге таяған әйел өткен өмірі мен жасаған таңдауына ашынып, өкінетінін алға тартты.

"Қазір елуге жақындап қалдым. Жолдасым отызға енді ілігеді. Кейде, маған не үшін үйленді екен деп ойлаймын. Арамызда бір қызымыз бар. Жолдасымды түсінгім келгенмен іштей бір өкініш өзегімді өртейді.
Өз қатарым болғанда осылай жасар ма еді деп ойланамын. Өмірімді өз қолыммен жасадым. Артқа қайтар жол жоқ. Енді қызым үшін ғана өмір сүремін", - деп ағынан жарылды әйел.

Естеріңізге сала кетейік, өзінен бес жас кіші жігітке ғашық болған ару жан сырын ақтарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844803-35-zasynda-on-togyzdagy-zigitke-trmyska-sykkan-jel-syryn-aktardy.html