RU

Қытайда үйінді астынан баланың денесін тапқан құтқарушы өксіп жылады

Өткен сенбіде Цюаньчжоу қалалық округінде орналасқан Xinjia Express қонақүй ғимараты жергілікті уақыт бойынша сағат 19.15 шамасында опырылып құлады. Желіде құтқару операциясы жүріп жатқаны көрсетілген видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ИА «NewTimes.kz» сайтына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Instagram

Видео Instagram желісіндегі nowthisnews парақшасында жарияланған.

Видеода құлаған қонақүй үйіндісінің астынан баланың денесін тапқан құтқарушының жылағанын көруге болады.

Ал құлаған ғимаратта коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған адамдар карантинде жатқан.

Ер адам көз жасын тоқтата алмай, өксіп жылайды. Эмоциясын басу үшін ол оқиға орнынан алысырақ тұрады. Оның жанына әріптестері келіп, жұбатуға тырысады.

РИА Новости деректеріне сәйкес құтқарушылар қирандының астынан 62 адамды алып шыққаны белгілі болды. Кейін олардың 20-сы қайтыс болған. Ал қалған тоғыз адамды іздестіру жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың таралуы шамамен қай кезде аяқталатынын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844817-kytajda-jindi-astynan-balany-denesin-tapkan-ktkarusy-ksip-zylady.html