RU

Қордайдағы жағдай бойынша бес адам ұсталды

Қадағалау органы басшысының орынбасары Қордайдағы жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қордайдағы жағдай бойынша бес адам ұсталды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Журналистердің Қордайдағы жағдайға байланысты қойған сауалына Болат Дембаев жауап берді. Ол қылмыстық істерді тергеу кезінде бес адамның ұсталғанын айтты.

Оларға бұзақылық, ұрып-соғу және полиция қызметкерлерінің заң талаптарына мойынсұнбағаны үшін айып тағылуда.

Осы орайда, кісі өлтіру, қасақана өрт шығару секілді өзге фактілер бойынша тергеу жүргізілуде.

Дембаевтың сөзінше, бұл фактілер бойынша әлі құрықталулар болған жоқ. Бұл күдіктілердің әлі күнге дейін анықталмағанымен байланысты. Бұл үшін көптеген материалдарды жинақтап, анықтау керек. Мұнымен қоса видеоматериалдар қаралып жатыр.

Осыдан кейін тергеу қажетті шешім қабылдайды.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында жаппай тәртіпсіздік орын алды.

Соның салдарынан, он адам көз жұмып, жүздеген адам жарақат алған. Кейін қираған ғимаратты тазарту жұмыстары кезінде тағы бір адамның мәйіті табылды.

Аталмыш оқиғадан соң мемлекет басшысының бұйрығымен бірнеше лауазымды тұлға қызметімен қош айтысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844821-kordajdagy-zagdaj-bojynsa-bes-adam-staldy.html