RU

Досаев Тоқаевқа қаржы нарығындағы еліміздің ахуалын баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына еліміздің қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Айта кетейік, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) саудалардың нәтижесінде доллар тағы қымбаттады. Бір тәулік ішінде шетел валютасының құны 0,4 теңгеге артып, 394,41 теңгені құрады.

KASE мәліметтері бойынша, АҚШ валютасы айына 15 теңгеге қымбаттаған. Ал 6 наурыздан бастап небәрі 5 күнде 11 теңгеге көтерілді.

Қазақстандық ақша айырбастау орындарын долларды 393-395,1 теңгеге сатып алып, 395,4-396,6 теңгеге өткізуде. Мұндай ақпарат Kurs.kz порталында берілген.

Еске сала кетсек, мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді.

Осы жағдайларға байланысты еліміздің Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені өсіріп жіберді.

Базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім әлемдік экономикадағы ахуалдың күрт өзгеруіне қарай қабылданғаны белгілі болды.

"COVID-19 короновирусының таралу ауқымының айтарлықтай кеңеюі қазақстандық экспортты негізгі тұтынушы Қытай және Еуропалық одақ сияқты елдердің экономикалық даму перспективаларының нашарлауындағы негізгі факторға айналды", - делінген хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Досаев Тоқаевқа қаржы нарығындағы еліміздің ахуалын баяндады
Mailfire view pixel